30 қараша күні "Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің" ұйымдастыруымен өткен "Педагогикалық идеялар фестивалі" Республикалық конкурсының аудандық кезеңінде мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Сулейменова Салтанат Ахановна "Шеберлік палитрасы" бағыты бойынша 1 орын алып, облыстық кезеңге жолдама алды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз! Облыстық кезеңде жүлделі орын алуына тілектеспіз! Сәттілік тілейміз!