23 Қаң 2024
Ата аналарды педагогикалық қолдау орталығы

Мектебімізде құрылған "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жоспарына сай 2-6 сынып оқушыларының ата-аналарымен алғашқы екі сабақ өткізілді

«Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" атқарған жұмыстары
Ата-аналарды педагогикалық қолдау Орталығының бағдарламалары балаларды тәрбиелеу және дамыту бойынша ата-аналық міндеттерді орындауды жеңілдетуге, ата-аналар мен балалардың нақты өмірде кездесетін мәселелерін шешуге ықпал етуге арналған. Тыңдаушыларына отбасының әлеуетін ашуға арналған идеялар мен құралдар, сондай-ақ балалармен табысты қарым-қатынас жасау, жеке тұлғаны дамыту үшін қолайлы орта құру тәсілдері ұсынылады.
Мектебімізде құрылған "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жоспарына сай 2-6 сынып оқушыларының ата-аналарымен алғашқы екі сабақ өткізілді. Олар:
1-сабақ: Тақырыбы: Отбасы – бақыт бесігі
Ата-аналар өмірінің жобасы – бақытты адам
Мақсаты: ата-аналардың баланың бақытты өмірінің негізі ретінде оның әл-ауқатын қамтамасыз етуге дайындығын қалыптастыру.
2-сабақ: Тақырыбы: Білімдіге дүние жарық. Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу"
Мақсаты: мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар