23 Қаң 2024
Ата аналарды педагогикалық қолдау орталығы

"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" атқарған жұмыстары

«Майлин атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ
"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" атқарған жұмыстары
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығында ата-аналар интерактивті режимде балаларымен нақты позитивті қарым-қатынас жасауды, олардың психологиялық, эмоционалдық жағдайын түсінуді үйренеді, бұл балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы сияқты күрделі мәселенің туындамауына көмектеседі.
Мектебімізде құрылған " Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының" жұмыс жоспарына сәйкес 7-10 сынып оқушыларының ата - аналарымен алғашқы екі сабақ өткізілді. Олар:
1-сабақ: Тақырыбы: Баланың бас ұстазы – ата-ана.Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу
Сабақтың мақсаты: оң тәрбиенің мәнін, принциптерін және дағдыларын дамыту арқылы ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту.
2-сабақ: Тақырыбы: Ақыл айтпа, жол көрсет. Оқытудың жаңа шарттары: бала қалай бейімделеді.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар